Текст
Қарашаның 15-сінде 2017 жылы 9Б-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ жазуы және латын графикасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел айналасында оқушылар қазақ жазуының латын графикасына көшуіне байланысты көпшілік тарапынан туындайтын сұрақтарға нақты және дәлелді жауаптар алып, бұл маңызды іс-шараны қолдауға әзірліктерін білдірді. Шара жасөспірімдердің азаматтық ұстанымдарын еліміздің ынтымақтастық саясатына сай тәрбиелейтін бағытта өтті.