Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

17.09.2026

Өткізілген күні: 2026 жылғы 16 қыркүйек
Өткізілген орны: КММ «Т. Шаханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі»
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар, шақырылған мамандар.

2026 жылғы 16 қыркүйек күні КММ «Т. Шаханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде» ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық бағытта жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, денсаулықты сақтау, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ мектептегі ішкі тәртіп талаптары бойынша ақпарат беру.

Жиналыс барысында шақырылған мамандар өз бағыттары бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Даирбеков Д.К. оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат берді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкері, полиция аға сержанты Алиакпаров А.Е. ата-аналарға интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Интернет желісінде алаяқтық әрекеттерден сақтану, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін және SMS-кодтарды бермеу қажеттігі туралы ескертті.

Аудандық педиатр Кусаинова А.Е. ата-аналарды мектеп медицинасын трансформациялау мәселелерімен таныстырды. Балалардың денсаулығын сақтау, профилактикалық медициналық тексерулерден өту және оқушылардың денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

Есенов Е.О. ата-аналарға экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпарат берді. Балаларға деструктивті ақпараттың әсер етуінің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және күмәнді мазмұндағы ақпаратқа сыни көзқарас қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылардың қауіпсіздігі мен мектептегі тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды.

Алақан мектеп жүйесі бойынша оқушылардың мектепке келуін бақылау, жүйені пайдалану тәртібі және ата-аналардың келісіміне қатысты мәселелер түсіндірілді.

Сонымен қатар ата-аналарға мектеп формасына қойылатын талаптар, оқушылардың мектептегі сыртқы келбетіне және бірыңғай мектеп формасын сақтауына қойылатын талаптар түсіндірілді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Смагулова Д.А. ата-аналарға мектептегі оқушылардың мінез-құлық ережелері, ішкі тәртіп талаптары, оқушылардың мектеп қабырғасында өзін ұстау мәдениеті, қауіпсіздік талаптарын сақтау және ата-аналардың мектеппен өзара байланысы туралы ақпарат берді.

Жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті түсіндірмелер алды.

Просмотров: 284


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу