Текст
22.04.2026
Мектебіміздің оқушылары бизнес-жобалар байқауына белсенді қатысып, өздерінің тың идеялары мен креативтілігін, кәсіпкерлік ойлау қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Гапеева Валерияның жобасы жүлделі 3-орынды иеленді. Жоба жетекшісі – Уразбаева Э.К., оның жетекшілігімен ауқымды әрі сапалы жұмыс жүргізілді.
Бұл байқау оқушыларға өз қабілеттерін танытуға, тәжірибе жинақтауға және бизнес пен инновация әлеміне алғашқы қадам жасауға үлкен мүмкіндік берді.
Валерия мен жетекшісін лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа табыстар мен биік жетістіктер тілейміз! 🎉