«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дүниежүзілік денсаулық» күніне арналған ер мұғалімдер мен оқушылар арасындағы волейболдан аудандық турнир

22.04.2026

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Төлеу Шаханов атындағы мектеп аудан мектептері арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.

Жарыс спорттық рухқа, достық пен өзара құрметке толы атмосферада өтті. Турнирге аудан мектептерінен 14 команда қатысып, әрқайсысы жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыруды дамытуға және оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.

Барлық қатысушыларға, жаттықтырушыларға және ұйымдастырушыларға осындай жарқын әрі есте қаларлық спорттық шараны өткізуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

💪 Денсаулық – ең басты құндылық, ал мұндай шаралар белсенді әрі дені сау ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді!

Просмотров: 283


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст