17.02.2026
Т.Шаханов атындағы № 2 ЖОББ мектебінде 2026 жылдың 09.02-20.02 аралығында математика–жаратылыстану бағыты пәндері бойынша дәстүрлі онкүндік өткізіліп жатыр.
Онкүндіктің негізгі мақсаты – білім алушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми ізденіске баулу және дарынды оқушыларды анықтау.
Онкүндік аясында түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі 17.02. өткізілген мектеп директоры Ермұхан Темірғалиевич Жапабаевтың «Математика әлемінде» атты логикалық есептер сайысы .Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ауызша есептей білуін,логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру . Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қабіліеттерін дамыта отырып,шапшаңдыққа, білімді , дарынды ,озық болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Оқушылар ойынның бөлімдерінен тапсырмаларды орындау арқылы өтіп отырды.Әсіресе, логикалық есептер білім алушылардың қызығушылығын арттырды. Іс-шараға Ерейментау аудан бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің м.а. Алия Танатовна Биболова,әдіскер Дуйсекова Кулпан Тлеулиевна қатысты. Әділқазы мүшелері ретінде әділ бағаларын беріп,жеңімпаздарды марапаттады.Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Математика–жаратылыстану пәндері бірлестігінің мұғалімдері алдағы уақытта да білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.