«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «Шындықтан туған шын поэзия» атты байқауы

11.02.2017

                2017 жылдың 9

ақпанында Ерейментау қаласының №4 орта мектебінің базасында аудандық «Шындықтан туған шын поэзия» атты байқауы өтті. Байқау шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаевқа арналған. Біздің мектептен байқауға қатысқан оқушылар: Лисина Ангелина – 5Б сынып, Смык Лилия – 7Б сынып, Астапов Денис, Долженко Ксения, Соколова Екатерина – 9Б сынып. Оқушыларымыз байқаудан олжалы оралды. Байқаудың

нәтижелері бойынша Смык Лилия «Шындықтан туған шын поэзия» номинациясында І орынға ие болды. Ақынның 30-ға жуық өлеңін жатқа білетін Лилия әділ-қазылар алқасы мен залда отырған көрермендерді таңқалдырды. Мұғалімі – Аубакирова А.Т.

«Ақынның жұмбақ әлемі» номинациясында ақиық ақын туралы көңілдегі көркем ойын қағаз бетіне сол қалпында түсірген Соколова Екатерина ІІІ орынға ие болды. Мұғалімі – Шортанбаева Л.Ш.

«Болашағым, тұрсаң сен, өлмеспін мен! Күнделік жаз, жарқыным!» номинациясында өнер көрсеткен Астапов Денис пен Долженко Ксения Мұқағали өмірінен сахналық көрініс көрсетіп, ІІ жүлделі орынға қол жеткізді. Мұғалімі – Шортанбаева Л.Ш.

«Есіңе мені алғайсың» номинациясына қатысқан Лисина Ангелина, өкінішке орай, жүлделі орынға іліне алмады, бірақ Ангелина аудандық байқаудың деңгейінен өткеніне қанағат тұтты.

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст