Мақсаты: Жолда жүру ережесіне стесақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшінқажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп,
доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын "Жолда жүру ережесі" тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті . Осындай сынып сағаттары Ерейментау қаласы Т.Шаханов атындағы № 3 орта мектебінде өтті. Оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Балалар, біздің болашағымыз. Ал сол болашақ жасөспірім балаларымызды алуан түрлі апаттан сақтап, үлкен азамат етіп тәрбиелеу ең алдымен ата-ана ме ұстаздың міндеті десек те, осынау маңызды істен біздің жол ағаларымыз да шет қалмайды. Өйткені елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз бүгін «МАИ қызметкелерімен кездесу» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткіздік. 2-4 сыныптар арасында викториналық сұрақтар қойылып, жақсы қатынасып көңіл күйлері көтеріңкі болды.